KZ
Өскемен
-19°
переменная облачность жел 2 м/с, В
501.49 525.71 5.77

«Мамандығым – мақтанышым»: Өскеменде ерекше іс-шара өтеді

Фото: Жасанды интеллект

Бүгін, 15:00 70 Гульжан Мусина

3 наурызда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Мамандығым – мақтанышым» жұмысшы шеберханасы (workshop) өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 300-дей студенті, мектептердің түлектері, ірі жұмыс берушілер – «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «БЭСК» АҚ, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен су арнасы» МКК, «Шығыс Жылу» АҚ қатысады.

Шара мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыру, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнату, студенттер мен түлектердің мансаптық өсуі мен кәсіби дамуына жағдай жасау.

Шараның бағдарламасында ашық есік күні, қаладағы оқу орындарының көрмесі, Workshop алаңы – жұмысшы шеберханасы ұйымдастырылмақ. Оқушылар, студенттер және түлектер ұсынылған алаңдармен танысады.

«Әке мен жасадым» челленджі ашылып, білім алушылар «Mansap kompasy» жүйесімен танысады.

Жауапты тұлғаның телефоны: 8(705)186-31-84.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу