KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, СШ
489.15 533.47 5.64

Барлық мектеп пен колледжде «ДОСБОЛLiKe» бағдарламасы енгізіледі 

Фото: pixabay.com

Бүгін, 16:20 82 Гульжан Мусина

1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектеп пен колледжде «ДОСБОЛLiKe» бағдарламасы енгізіледі. Мақсат - балалар арасындағы буллингтің алдын алу. Бұл туралы Оқу ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қазір бұл пилоттық жоба ретінде 50 мектепте іске асып жатыр. Нәтижесі жаман емес. Былтыр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында QR код арқылы жасырын жазбаша шағым қалдыратын жүйе іске қосылды. Бүгінге дейін оқушылар тарапынан 25 мың хат түскен. Әрбір шағым бойынша психологиялық кеңестер өткізіліп, қолдау көрсетілген.

- Құрылыс компанияларын терезелерге құлыптар немесе қауіпсіздік тетіктерін орнатуға міндеттейтін нормалар енгізілді; баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынып, оған әкімшілік жауапкершілік көзделді. Саудалаудың алдын алу шаралары күшейтілді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің институты нығайтылып, барлық өңірде өкілдер тағайындалды, - деді Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу