KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
505.15 550.31 5.89

ШҚО-да 171 мұғалімге іссапар шығыстары бойынша 28 миллион теңге өтелді

istockphoto.com

Бүгін, 12:00 88 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарындағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында педагог қызметкерлерге іссапар шығыстары төленбегенін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Анықталған деректер бойынша, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған өтемақы берілмеген. Жалпы 28 миллион теңгеден асатын қарыз жинақталған. Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінде бір мұғалімге 2024 жылдың сәуірінен 2025 жылдың қаңтарына дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары өтелмеген. Осындай заңбұзушылықтар ауданның басқа білім беру мекемелерінде де анықталды Прокуратураның араласуымен барлық заңбұзушылықтар жойылып, мұғалімдерге тиесілі төлемдер толық көлемде жүргізілді,- дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу