KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
505.15 550.31 5.89

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Наурызнама онкүндігі өтеді

Кеше, 17:30 70 Гульжан Мусина

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз, жыл басы қашанда бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың, жаңару мен  жаңа өмірдің жаршысы  іспетті. Халқымыз ежелден-ақ  алдағы күндердің жақсылығы мен қуанышының бастауы Наурызда деп білген.

Шуақты көктем мерекесі қарсаңында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Наурызнама онкүндігі өтеді.

14 наурыз күні кітапхана қонақтары «Көрісу күні – Амал мерекесі» аясындағы іс-шараларды тамашалап, амал күні дәстүріне сай кітапхана  сол күнгі қонақтарды ақ тілекпен қарсы алып, көпшілік бір-бірімен төс қағысып амандасып, «қауышу» жоралғысы жасалады.

15 наурыз – «Қайырымдылық күні» кітапхана қызметкерлері мен еріктілер көшпелі мерекелік шарамен «Қарттар үйінде» қонақта болып, қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір серпілтіп тастамақ.

16 наурыз – «Шаңырақ күні» отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналса, 17 наурыз күні кітапхана келушілерін қолөнер шеберлері Жаухаз Бабаханова мен Бақытгүл  Қанжарқанқызының және  т.б қолөнер шеберлерінің  ұлттық нақыштағы «Наурызға тарту» атты көрме-жәрмеңкесі қарсы алады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары құрт, ірімшік, сары май т.б өнімдер жәрмеңкенің сәнін келтіреді деген ойдамыз.

18 наурыз «Ұлттық киім» күні кітапханамызда қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған сән көрсетілімі өтеді. Кітапхананың  үлкен залында қаламыздағы өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Тұмар» өнерпаздар тобы өз тыңдармандарына мерекелік  сый жасап,  кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарына концерттік бағдарлама ұсынса,  поэзияға  қалам тербеп жүрген жас ақындардың бір шоғыры өз туындыларымен кештің көркін қыздыратын болады.

19 наурыз – Жаңару күніне орай кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына пайдалы ақпараттар қойылса, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай қазақтың ұлттық дәстүрлі ойыны «Тоғызқұмалақтан» мектеп оқушылары арасындағы турнир өтеді.

Сонымен бірге «Ынтымақ күні», «Жыл басы», «Тазару күні» атауларымен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып,  кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейді.

Әз-Наурызға деген ел ықыласы, жұрт ризашылығы мен  құрметі кітапханамыздағы әрбір шарада көрініс тапқан. Ендеше, келе жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Баршаңызды кітапханамызда өтпекші Наурыз мейрамына арналған іс-шараға шақырамыз!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу