KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, СШ
515.03 584.82 6.24

10 мың метр биіктікте: ШҚО дәрігері баланы құтқарып қалды

8.04.2025, 17:00 235 Әбішев Ержан

Осы жылдың 3 сәуірінде «Air Astana» әуе компаниясының Өскемен – Астана бағытындағы КС346 рейсінде ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар департаментінен алынған жауапқа сәйкес, рейс кезінде жолаушылардың бірі бортсеріктерге баласының жағдайы күрт нашарлағанын хабарлайды. Ол дәрігерге баласына жаңа балалар қоспасын бергенін және сол қоспа аллергиялық реакция мен қызуының көтерілуіне себеп болғанын айтты. Әдеттегі процедураға сәйкес, экипаж ұшақта дәрігердің бар-жоғын сұраған.

Абырой болғанда бортта тәжірибелі және білікті дәрігер болған, ол сол қиын жағдайда (10 шақырым биіктікте, пациент – бір жасар бала) диагноз қойып, дұрыс әрекет етіп, шұғыл шаралар қабылдап, баланың қызуын түсіріп, тыныс алуын жеңілдеткен.

Экипаж әуеде жедел жәрдем бригадасын шақыртқан және Астанаға қонғаннан кейін бала мен анасы ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, баланың жағдайы туралы ақпарат алу үшін әуе компаниясынан сұрау салғанымызда, олардың саясаты бойынша жолаушылардың жеке мәліметтерін жариялауға болмайтыны айтылды, бірақ әуе компаниясы дәрігерге шын жүректен алғысын білдіреді деп хабарланды.

 

Баланы құтқарған дәрігер – Семей медициналық академиясының түлегі, хирург, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, ғылым кандидаты Төлеген Жігітаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу