Өскеменде кене шаққан баланың жағдайы жақсарды
Кеше Өскеменде жасөспірім кене шаққаннан кейін жан сақтау бөліміне түскені туралы жазған едік. Оқиға 24 сәуір күні болған. Бүгін баланың жағдайы жақсарғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кене шаққанын бала бірден байқамаған. Екі апта өткенннен кейін оның дене қызуы көтеріліп, басы қатты ауырған соң ата-анасы жедел жәрдем шақыртады.
Қазір баланың жағдайы жақсарып қалғаны белгілі болды. Дәрігерлер жақын арада оны ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз