Токиодан Цюрихке ұшқан ұшақ Астанаға шұғыл қонды
t.me/caa_kaz
Шұғыл қонуға борттағы жолаушылардың бірінің инсульт алуы себеп болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР авиациялық әкімшілігі ақпаратына сүйеніп.
- Жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдады, - делінген хабарламада. -Сағат 16.00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16.03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.
Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі мүмкін.
Оқи отырыңыз