Қ. Қайсенов атындағы әскери бөлім сарбаздары үйлеріне оралды (видео)
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген 400-ден астам сарбазды үйлеріне шығарып салу салтанаты өтті. Шығарып салу рәсімі алдында сарбаздар соңғы рет сапқа тұрғызылды.
Жауынгерлік дәстүрге сай сап алдында үздік сарбаздарға мақтау қағаздары мен естелік суреттер табысталды. Сонымен қатар, әскери бөлім басшылығы олардың ата-аналарына алғыс хаттар жолдады.
Бөлім командирі Азамат Әбікеновтің айтуынша, сарбаздар бір жыл ішінде әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік дайындықтан өтіп, түрлі оқу-жаттығуларға қатысқан. Олар жорықтарға шығып, қару қолдану дағдыларын меңгерген.
Салтанатты шара соңында сарбаздар мен олардың ата-аналары әскери бөлім ауласында көшет отырғызып, қызмет еткен жерлерінде естелік белгі қалдырды.
Айдос Мырзахметов
фото: Жібек Нұрахмет















