KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, В
507.07 572.53 6.37

ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірқатар көлік құралдарына жол жабылды

19.04.2025, 09:00 300 Төлеуғазы Жансая

 

ШҚО аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «Облшығысжол» ЖШС мәлімдеді.

Таңғы сағат 08:30-дан бастап облыстық маңыздағы келесі жол учаскелерінде жазғы шинамен жүрген көліктердің жүруіне уақытша тыйым салынды:

    •    «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолының 63-145 шақырымы (Тарғын ауылынан Самар ауылына дейін);
    •    «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автожолының 28-60 шақырымы (Таулы Үлбі ауылынан Северное ауылына дейін).

Сондай-ақ, жол-климаттық жағдайлардың нашарлауына (қар, көктайғақ) және қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған көлік құралдарының жолдағы қауіпсіздігіне қатер төнуіне байланысты:
    •    «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов бұлақтары» автожолының 6-450 км аралығында (Ушановское ауылынан Рахманов бұлақтары шипажайына дейін) көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

Авариялық қауіпті учаскелерде көктайғаққа қарсы материал себілуде, патрульдеу жүргізілуде, сондай-ақ техника жұмыс істеуде.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды және мүмкіндігінше алыс сапарларды кейінге қалдыруды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу