Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Өскеменде шахмат және дойбы турнирі өтті (видео)
Бұл зияткерлік турнирге ШҚО-ның Өскемен, Риддер қалаларынан және аудандарынан келген 14 адам қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиналған қарттар, жасына қарамастан, өмірге деген құштарлығымен, жігерімен көпке үлгі болып, белсенді қартаюдың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.
Аталған турнир «алтын жас» өкілдерінің арасындағы достық байланыстарды нығайтудың бір көрінісі болды.
– Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған турнир өткізіп отырмыз. Қатысушыларымыз – ШҚО-ның аудандары мен қалаларынан келген 14 адам. Біз оларды асыға күттік, үнемі байланыстамыз, бірлесіп жұмыс істейміз. Бірінші орын иегеріне – 7000 теңге, екінші орынға – 6500 теңге, ал үшінші орынға – 6000 теңге сыйақы беріледі. Бұл платформаны алғаш рет пайдаланып отырмыз. Дегенмен, бұл жарыс дәстүрлі түрде жалғасады деп үміттенеміз, – деді турнирдің бас төрешісі Анатолий Кремых.
Турнирден кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Жарыстың қорытындысы ертең белгілі болады.
Дмитрий Чжан
Фото/видео: Жәнібек Ырысбай
Оқи отырыңыз