KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскеменде шахмат турнирі мәреге жетті

шартты сурет

8.04.2023, 16:21 298 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар легі басталып кетті.

   Мәселен, осыдан бірер күн бұрын республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Өскемен қалалық филиалының мұрындық болуымен өткен жеңістің 78 жылдығына орайластырылған шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

   Шаһардағы шахмат орталығында жалауын желбіреткен қалалық жарысқа барлығы 22 ойыншы қатысты. Арасында спорт шеберлігіне үміткерлер (бес адам) мен бірінші разрядты ойыншылар (сегіз адам) да болды.

    Жалпы, «Шахмат-2023» деген атауға ие болған турнирге қатысушылар аталмыш спорттың рапид түрінен өзара мықтыны анықтады. Жарыс тоғыз айналымнан тұрды. Бұл туралы Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінен сұрап білдік.

    Турнир барысында қарсыластарының қарқынына ілесе алмаған үш ойыншы екінші турдан кейін, тағы алты қатысушы үшінші және төртінші кезеңдерден кейін өз еріктерімен жарысты тоқтатты, деп хабарлайды ардагерлер кеңесінен.

    Осылайша, соңғы турларға үздіктердің үздігі ғана жеткен турнир қорытындысында бірінші орынды Виктор Лавренц есімді қатысушы жеңіп алыпты. Екінші орыннан Оралғазы Қизатов көрінсе, Бейсенбай Манғұлов үздік үштікті түйіндеген екен.

    Ардагерлер кеңесінен хабарлағандай, үштікке енбей қалса да, қызықты ойын өрнегін көрсете білген тағы бірнеше қатысушының шеберлігін ерекше атап өткен орынды. Олар: Леонид Кущ (төртінші орын), Дүйсенғали Күшкенов (бесінші орын) және Геннадий Подойников (алтыншы орын).

  Белгілі болғандай, жарыс соңынан дәл осы алдыңғы алты орынға ие болған шахматшыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталыпты.

   Сонымен қатар ұйымдастырушылар жақсы ойынымен көзге түскен бірқатар шахматшыны Алғыс хаттармен марапаттағанын да айтқан абзал. Арасында Есен Бәкімбаев, Тоқтасын Ізғұттынов, Камалбек Өтеулинов, Федор Троеглазов, Әскербек Мұсабеков пен Болат Қадыров сынды ойыншылар бар.

   Қалалық турнирдің басы-қасында жүрген ағалар жарысқа төрелік еткен Ермек Түтінов пен Александр Шевченкоға да алғыс айтуды ұмытпапты. Осы ретте, жарыс бастан-аяқ компьютерлік сараптама негізінде ұйымдастырылғанын да айтқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив