«Былғары доп – 2019». Ауыл балалары бірінші орын алды
Семейде мектеп жасындағы футболшылар арасында республикалық «Былғары доп – 2019» турнирі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Турнир «Спартак» және «Цементші» алаңдарында болды. Нәтижесінде Алматыдан келген №159 мектептің командасы – екінші, Павлодардан келген №25 мектептің командасы үшінші орын алды. Ал Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майтөбе ауылынан келген ұжым бірінші орынға көтерілді.
Жас спортшылар турнир соңында Семейдегі футбол мұражайына барып қайтты. Мұражайдың құрушысы һәм директоры Станислав Сәрсекеев балаларды Шығыс Қазақстанның футбол тарихымен таныстырып, олардың арасында викториналық ойын ұйымдастырды.