1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі
Жоғары оқу орнында оқитын студенттер үшін жағымды жаңалық! 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендия көлемі айтарлықтай көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Стипендия қанша болады?
- Бакалавриат – 52 372 теңге
- Магистратура – 117 098 теңге
- Докторантура – 262 500 теңге
Салыстырмалы түрде алғанда, бакалаврлар үшін стипендия 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артты.
Оқи отырыңыз