Күршімде салынып жатқан айналма жол 2026 жылы пайдалануға беріледі - ШҚО
Күршім ауылында ұзындығы 12 шақырым болатын айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жол аудан орталығы арқылы өтетін ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеп, жол-көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жоба 2024 жылы басталды. Құрылысқа облыстық бюджеттен 201 миллион теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. 2025 жылға тағы 900 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер компания жол құрылысын бекітілген кесте бойынша жүргізіп жатыр.
Айналма жол Күршім өзені маңындағы Діңгек елді мекенінің тұсынан басталып, аудан орталығын сырттай айналып өтеді. Құрылысты «Терезе» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жол 2026 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
Фото/видео: Жәнібек Ырысбай







