KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
509.75 594.67 6.46

Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы: волейбол алаңындағы тартысты бәсеке (видео)

12.06.2025, 17:35 250 Арайлым Орсаринова

Өскеменде алғаш рет жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің дәстүрлі республикалық спартакиадасы өтіп жатыр. Бүгін қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан жарыс басталды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Спорттық сайыста еліміздің әр өңірінен келген 19 команда бақ сынауда. Волейбол жарысының ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ойыншы ретінде қатысты.

– Бұл спартакиадаға қатысушылардың барлығын жеңімпаз деуге болады. Өйткені мұнда олар жаңа достар, жаңа әріптестер табады. Спорт – бірлік пен серіктестіктің символы. Барлық командаларға әділ және қызықты ойын тілеймін, – деді өңір басшысы.

ШҚО командасы алғашқы ойында Абай облысынан келген қарсыластарын «2:0» есебімен жеңіп, келесі кезеңде Маңғыстау облысының командасымен кездесуде.

Жарыс бағдарламасы бойынша волейбол бәсекесі 16 маусымға дейін жалғасады.

Волейболдан бөлек, бүгін мемлекеттік қызметшілер арқан тарту, жүзу, мини-футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және 3x3 баскетбол ойындарында өзара мықтыны анықтап жатыр.

О. Рыпакова атындағы облыстық жеңіл атлетика манежінде өткен арқан тарту сайысында I орынды – Батыс Қазақстан облысы, II орынды – Шығыс Қазақстан облысы, ал III орынды – Атырау облысы иеленді.

Республикалық спартакиада аясында 15 маусымда тоғызқұмалақ жарысының жеңімпаздары анықталады. Ал қазақ күресі сайыстары 15–16 маусым күндері өтеді деп жоспарланған.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу