KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
520.02 608.79 6.57

Жастарға мүмкіндік: 3 миллион теңгелік грантқа өтінім қабылдау басталды

17.06.2025, 08:00 275 Гульжан Мусина

Қазақстанда шығармашыл әрі белсенді жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау», – деп мәлімдеді министрлік.

2025 жылы бұл байқау аясында республикалық деңгейде 3 миллион теңгеден 30 грант беріледі. Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Гранттар мына бағыттар бойынша ұсынылады:
– ғылым,
– мәдениет,
– ақпараттық технологиялар,
– бизнес,
– медиа,
– волонтерлік бастамалар.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 16 маусымда басталды, ал өтінімдер 18 тамызға дейін қабылданады. Қатысушылар өтінімдерін t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасына жолдауы керек.

Толық ақпарат пен анықтама алу үшін мына нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, 9:00–18:30 аралығы).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу