Қысқы маусымға қадам: тұрғын үйлерге техникалық тексеру басталды - Өскемен
pixabay.com
Өскеменде көпқабатты үйлер алдағы жылыту маусымына дайындала бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір үй ішіндегі инженерлік жүйелердің жағдайы, ортақ мүліктің дайындығы және жоспарлы жұмыстардың уақытында атқарылуы басты назарда тұр.
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі хабарлағандай, облыс орталығында көпқабатты үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары жоспарға сай басталған. Мамандар тұрғын үйлерді басқаратын ұйымдар мен тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп жатыр.
— Басты мақсат — тұрғын үй саласына қатысты заң талаптарын түсіндіру, барлық тараптың жауапкершілігін арттыру және жылыту маусымына дайындық кезінде болуы мүмкін кемшіліктердің алдын алу, — деді бөлім мамандары.
Оқи отырыңыз