KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Өскеменде тұрғын үйлер жылыту маусымына толықтай дайын емес

25.09.2019, 09:13 60

Өскеменде қажетті әлеуметтік көмірдің жартысы ғана келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің кезекті отырысында айтылды.

Шаһардағы денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын. Тек 24 тұрғын үйде құбырлар ауыстырылып, дайындық жұмысы әлі жүріп жатыр.

– Күннің суытуына байланысты жылуды ерте беруіміз мүмкін. Сондықтан тұрғын үйлер 1 қазанға дейін дайын болсын! Бұдан бөлек әлеуметтік көмірдің жайы алаңдатады. Бізге 40 мың тонна керек. Ал оның жартысы ғана түсірілді қазір. Әлеуметтік бағамен берілетін көмір 1 қарашаға дейін толық түсірілсін, – деп тапсырды қызметкерлеріне қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив