Өскеменге алғашқы заманауи трамвай келді
pixabay.com
Жаңа трамвай Минск қаласынан алты күн жол жүріп, Өскеменге жетті. Қоғамдық көліктің бұл түрі жолаушыларды тасымалдауға тамыз айының соңына қарай шығады. Жыл соңына дейін қалаға тағы үш жаңа трамвай вагоны жеткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа трамвай – заманауи үлгідегі көлік. Ішінде 33 отыратын орын бар, жалпы сыйымдылығы – 160 адам. Артқы алаңы кеңейтілген, төрт есікпен жабдықталған (бұрынғы вагондарда үшеу болатын). Бұл – жолаушылар үшін анағұрлым қолайлы жағдай туғызбақ.
Жаңа вагондар Беларусь елінен арнайы Өскеменге жеткізіледі. Әрқайсысы түрлі түске : жасыл, көк және қызыл түстерге боялған.
Қазіргі уақытта қала көшелерінде 10 трамвай жүріп жатыр.
Фото: «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС