ШҚО-да Ұранқай ауылын дамытуға 100 миллион теңге бөлінді
visiteast.kz
Марқакөл ауданындағы Ұранқай ауылында туристерге жайлы жағдай жасауға 100 миллион теңге жұмсалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шешім Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясында қабылданды. Қаржы ауылдағы демалыс аймағының инфрақұрылымын жөндеуге бағытталады. Ақша «ШҚО-ның үздік рекреациялық туристік аймағы» байқауының нәтижесінде бөлініп отыр.
Марқакөл ауданында ауыл шаруашылығы мен туризм негізгі басым бағыттардың қатарында. 2024 жылғы қорытынды бойынша осы екі сала өңір экономикасының көш басында тұр.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз
ШҚО-да бірнеше медициналық нысанды жөндеуге қаржы бөлінедіШҚО-да Шыбындыкөлге апаратын жол жөнделедіШҚО-да жолаушылар тасымалдаушыларын субсидиялауға 1,5 млрд теңге бөлінедіҚайта құрылған аудандарды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді – ШҚОГлубокое кентіндегі қазандықтарды жөндеуге 88 миллион теңге бөлінді