KZ
Өскемен
-18°
небольшой снег жел 3 м/с, З
520.91 544.25 5.29

Глубокое кентіндегі қазандықтарды жөндеуге 88 миллион теңге бөлінді

12.09.2019, 05:07 53

Облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясында депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттегі бірқатар маңызды өзгерістерді қарастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Экономика басқармасының басшысы Сәуле Ұлақова қай салаларға қосымша қаржы бөлініп отырғанын жақ-жақты түсіндірді. Қаражаттың басым бөлігі ең алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталыпты.

Атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қосымша 950 миллион теңге қарастырылды. Ауылдарды ауыз сумен қамтуға 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, бірқатар шағын елдімекендерге су тазартқыш модульдарды орнату үшін 250 миллион теңге берілмек. Семей қаласының су құбырлары мен Затон су тартқысын жаңартуға да қаржы қаралды.

– Курчатов қаласы мен Глубокое кентіндегі қазандықтарды жөндеуге 88 миллион теңге, сонымен қатар өзге де жылумен қамтушы кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 305 миллион теңге бөлінді. Бұдан бөлек, туризмді дамыту мақсатында Алакөл жағалауын абаттандыруға 50 миллион теңге жұмсалады, – деп баяндады басқарма басшысы.

Облыс қазынасынан хакім Абайдың 175 жылдығына да қаржы қарастырылып отыр. Атап айтқанда Абай театрына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобасын әзірлеуге және «Абай әлемі» атауымен жас қаламгерлер кітаптарын басып шығаруға он-он миллион теңгеден бөлініпті.

Сонымен бірге, Өскемендегі жолаушылар тасымалы саласын дамытуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 1 миллиардтан астам теңге қаралған, қаражат жаңа автобустар алуға, электронды билеттендіру жүйесін енгізуге және жолдарға орташа жөндеу жүргізуге бағытталмақ.

Мұнымен қоса, «Сергек» камераларына түскен ереже бұзушыларға құлақтандыру жөнелту үшін де белгілі бір сома қарастырылып отыр.

Қаражаттың тағы бір бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Өскемен, Семей қалалары мен Күршім, Бородулиха, Тарбағатай, Ұлан аудандары үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бөлінген.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу