KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

Ақсақалдар кеңесінде өзекті мәселелер қаузалды – ШҚО 

4.09.2025, 14:00 245 Серік Құсанбаев

Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың емделуі, оңалту квоталары, жол шығындары және Өскеменнің іргесіндегі мұсылмандар зиратын кеңейту. Осы және өзге де өзекті мәселелері Өскеменде өткен Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Ақсақалдар басқарма өкілдеріне сауалдар қойып, нақты жауап алды, ал көтерілген ұсыныстар алдағы уақытта тиісті органдарға жолданатын болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендегі «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» өткен Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысына облыстық басқармалар мен қалалық әкімдік өкілдері де қатысты.
Кеңесте бірнеше өзекті тақырып қозғалды. Оның ішінде Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың емделу мәселесі, оңалту орталықтарына бөлінетін квота, жол шығындары мен тәртібі талқыланды. Сонымен қатар Өскемендегі мұсылмандар зиратының аумағын кеңейту мәселесі сөз болды. Жиында Желдіөзек асуындағы зират аумағының тарылып бара жатқаны және кейбір бейберекетсіздіктерге қатысты пікірлер айтылды.
Облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Манарбек Мұхамеджанов бұл мәселелерге тоқталды.

– Квота әділ бөлінуі үшін әуелі әр облыста полигоннан зардап шеккен азаматтардың толық тізімі жасалуы қажет. Сол тізім бойынша адамдар кезекке тұрып, өздеріне тиесілі мүмкіндікті пайдалана алады. Ал зиратқа қосымша жер бөлу мәселесі қалалық әкімдікке жолданады. Жақын уақытта жауап күтеміз, – деді ол.

Кеңес барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер алдағы уақытта назарға алынып, тиісті органдарға жеткізілетін болды.

Фото: Жібек Нұрахмет

Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу