Күршім ауданында жастарға арналған форум өтті
«Жастар жылын» қорытындылау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірі өкілдігінің бастамасымен «Рухани жеті қазық- жастардың көзімен» атты форум өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Форумға Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Қабидолдин, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Өскемен аймағы, Күршім аудандық орталық мешітінің бас имамы Тлейбек Соянұлы, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, көршілес аудандардың, ауылдық мешіттердің имамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, зиялы қауым, ақсақалдар, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында жастарға діни сауаттылық туралы дәрістер оқылды.