KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО-да орманда жоғалған тұрғын аман-есен үйіне оралды

stock.adobe.com

10.09.2025, 08:30 173 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында саңырауқұлақ теруге кеткен 1953 жылғы әйел адасып қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әйел бірнеше сағат бойы үйге баратын жолды өзі табуға тырысқанымен, қараңғы түсе бастағанда 112 құтқару қызметіне хабарласқан.

Заманауи техниканың көмегімен құтқарушылар оның орналасқан жерін ұялы телефон сигналы арқылы анықтады. Телефон байланыс аймағында болғандықтан, іздеу жұмыстары жылдам жүргізілді.

Іздеу тобы дронды пайдаланып, Асу-Бұлақ ауылына жақын таулы-орманды жерде әйелді тауып алды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген, медициналық көмек қажет болмады.

Құтқару операциясына ТЖМ, орман шаруашылығы, полиция және жергілікті атқарушы органдардың барлығы 14 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Құтқарушылар тұрғындарға орманға немесе тауға шығар алдында сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді:

  • бару маршрутыңыз туралы 112 қызметіне хабарласыңыз;
  • қараңғы түскен уақытта елді мекеннен шықпаңыз;
  • өзіңізбен бірге дәрі қобдишасын, жылы киім және қуаты толық телефон алыңыз.

Видео: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу