KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Орманда адасқан жағдайда не істеу қажет?

Фото: Автордікі

23.08.2023, 10:18 500

ШҚО ТЖД дерегі бойынша, саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, адасып қалу дерегі жыл сайын тіркеледі. Әдетте мұндай оқиға жаз және күз мезгілінде жиі кездеседі.

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, өткен жылы осындай екі дерек тіркелген. Биыл орманда адасу дерегі бойынша шағым тіркелген жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен жылдың 2 тамызында 1969 жылы туған әйел Глубокое ауданындағы Зимовье және Черемшанка ауылының арасындағы орманға саңырауқұлақ теру үшін аттанып, адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Әйел адам жолды өзі іздеп тауып, оралған көрінеді. Ал сол жылдың 19 тамызында саңырауқұлақ теру үшін Поперечное ауылына қарай шығып кеткен тұрғын туралы хабарлама түскен. Орманда адасқан ер адам өзін іздеген құтқарушылардың алдынан шыққан көрінеді.

ШҚО ТЖД бірқатар қауіпсіздік ережелерін орындауды сұрайды. Орманға кеткенде маршрут пен қайту уақытын хабарлау қажет. Қуатталған телефон мен аумақтың картасын, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасын алып, ашық реңкті киім кию қажет. Орманда жол табуға арналған ережелерді есте сақтап, ыңғайлы, су өткізбейтін киім киген абзал. Мүмкін болса, орманға жалғыз бармаған дұрыс. Адасып қалған жағдайда келген бағытты анықтап, ормандағы шуға құлақ түру қажет.

Трактор (3-4 шақырымға дейін естіледі) мен пойыздың дыбысы (10 шақырымға дейін), иттің үруі (2-3 шақырым) жол табуға көмектеседі. Сонымен қатар ағынды су көзін тауып, ағысты бойлай жүру қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу