ШҚО-да тұрғын үйлердегі өрт саны азайды
Фото: Александр Шушеньков
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйлердегі өрт саны азайып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері өңірдің жеке секторында 388 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға көп (2024 жылы – 294 жағдай). Алайда биыл шаруашылық құрылыстарда өрт жиілесе, тұрғын үйлердегі өрт, керісінше, азайған.
– Тұрғын сектордағы өрттерден қаза тапқандар саны 17%-ға төмендеді. Биыл 14 адам тілсіз жаудың құрбаны болса, 2024 жылы 18 адам көз жұмған. Уытты газға уланғандар саны да 4,5%-ға азайды – 21 адам, – деді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Мамандардың айтуынша, өрттің негізгі себептері – электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отты абайсыз қолдану.
Оқи отырыңыз