KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде студенттердің жол жүру билеті қашан сатылатыны белгілі болды

21.02.2019, 04:11 192

Жыл басында Қалалық білім бөлімі студенттердің жол жүру билеттерін сату қызметін сатып алу бойынша ашық конкурс жариялаған болатын. Байқау аяқталды, енді шәкірттер жеңілдетілген билеттерді қашан сатып алатынын Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


– Байқау 20 ақпанда аяқталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында конкурстың соңғы рәсімдері жүріп жатыр. Айдың соңында қорытынды жасалып, мемлекеттік сатып алуға ақша бөлінеді. Наурыз айының басында билеттер сатылымда болады, – деп түсіндірді Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Айтпаева.


Бұған дейін біз азаматтарға арналған айлық абонементтің құны 9000 теңгеге дейін көтерілетіндігін жаздық. Білім бөлімінің мәлімдеуінше, 2019 жылы жеңілдетілген жол жүру билетінің құны жоғарыда аталған сомадан 2500 теңгеге төмен болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив