KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Қазақстандық туристердің ең жиі баратын жерлері

29.01.2019, 10:59 304



2018 жылы «Туристік қамқор» корпоративтік қорының желісі бойынша 343 мыңға жуық қазақстандық шетелде демалып қайтқан. Қор құрылған сәттен бастап 616 мың туркод берілген. Бұл туралы аталмыш қордың баспасөз қызметі хабарлайды.


Белгілі болғандай, қазақстандықтар өткен туристік маусымда Түркияға көп барыпты – 148 мың адам. Ал екінші және үшінші орындарда сәйкесінше Мысыр (104 мың адам) мен Біріккен Араб Әмірліктері (33,5 мың) тұр.


Сондай-ақ отандастарымыз демалуға жиі барған елдердің ішінде Қытай, Тайланд (екеуі де 18 мың туристен), Вьетнам (4,5 мың адам), Үндістан (2,7 мың), Чехия (2,4 мың), Доминикан Республикасы (2,1 мың), Грекия (екі мың) және Грузия (1,4 мың адам) бар.


Айта кетейік, «Туристік қамқор» қорының тізіміне 56 туроператор кіреді. Олардың қызметімен fondkamkor.kz сайтында жақынырақ танысуға болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив