KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
494.95 525.49 5.05

"Братва" деп шулатқан майор ІІМ саласына қайта келе алмайтын болды

8.01.2019, 12:10 366



Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағанды академиясындағы аты шулы бейнеролик туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сүлейменов курсанттардың ұстаздары түсірген бейнероликті жіті түсінбеген болуы мүмкін екенін атап өтті. Министрлік «братва» бейнеролигі әлдебіреуге арналған деп топшылап отыр.


– Құттықтағысы келген болар. Ал курсанттар бұл туралы тіпті білмеген... Ол бірінші өзін өзі түсіріп, содан кейін курсанттарға қарап: «Мен сендерді құттықтаймын» деген шығар. Ал курсанттар іле-шала «Ура!» деп айқайлай жөнелген. Кейін жазбаны 22 адамдық ватсап группасына салған, – деді министр орынбасары.


Сүлейменов осы жағдайдан кейін ІІМ академиясынан өзге де қызметкерлердің қуылғанын атап өтті.


– Аталмыш фактіге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Курс басшысының орынбасары, ол әрі сабақ беруші ұстаз болған, жұмысынан қуылды. Сондай-ақ ол алдағы уақытта ішкі істер органдарына жұмысқа орналаса алмайды. Сонымен бірге курс басшысы және академия басшысының міндетін атқарушы да орнын босатты, – деп мәлімдеді Сүлейменов.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу