Алаяқтардан абай болайық!
Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өңірде интернет-алаяқтықпен күресу шаралары туралы» алаяқтықтың алдын алу тақырыбына арналған жиын өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұрай Арыстанбектің айтуына қарағанда, қазіргі таңда интернет-алаяқтық тақырыбы тек біздің өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін өзекті.
Ағымдағы жылдың басындағы статистикаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы аумағында осы санаттағы 700-ден астам қылмыс тіркелген көрінеді. Бұрын алаяқтардың айла-амалына көбінесе егде жастағы адамдар түсетін болса, қазір бұл құқықбұзушылық түрі барлық әлеуметтік топты қамтыған екен.
Алаяқтардың әрекет ететін схемалары әрдайым бірдей әрі олардың басты мақсаты - сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу. Олар бұған әртүрлі сылтауларды пайдалана отырып қол жеткізеді, - дейді полиция аға лейтенанты. - Интернет-алаяқтардың ең танымал айла-амалдары: өздерін банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде немесе құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстыру. Қауіпті сілтемелер арқылы сіздің мессенджеріңізді бұзу, өздерін «коммуналдық мекеменің қызметкерімін» деп таныстыру болып келеді.
Жиын барысында қазіргі уақытта интернет-алаяқтықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі - профилактика екендігі, сондықтан өңір аумағында ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың басты назарда екендігі баса айтылды.
Қазір Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмыспен күресу ведомстволық бағдарламасына сәйкес, облыс аумағында жыл сайын республикалық маңызы бар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Мәселен, 12-14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Анти-Форд» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Журналистердің сауалдарына жауап берген Нұрай Арыстанбек өз сөзін:
Серік Құсанбаев