KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

КШТ-Меновной қиылысы: Құрылыс басталады, ЖҚС-тар сүріледі

25.03.2021, 14:27 273

Өскемендегі бірнеше жанармай құю станциясы сүріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімдігі бұрынғы «Арзан» супермаркеті жақтағы жер телімдерін алуды көздеп отыр.

– Сәтбаев даңғылының Жібек жолы көшесімен және Есенберлин даңғылымен қиылысатын тұсында көлік айырымын салу жоспарда бар. Осыған байланысты көше бойындағы және құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумаққа кіретін жер учаскелерін алу мәселесі қаралып жатыр. Аталған аумақ көшені кеңейту үшін пайдаланылады, – деп мәлімдеді қала басшылығы.

Әкімдік өкілдері айтып отырған техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес сүрілетін нысандар тізіміне Сәтбаев даңғылы, 86, Сәтбаев даңғылы, 84/5, және Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан үш жанармай құю станциясы кіреді.

– Жобаға бөлінетін қаржыдан жанармай құю бекетінің иелеріне өтемақы төленеді. Оларға құрылыс жұмыстары бастала сала нысандардың сүрілетіні туралы ескерту жасалды. Станциялар басқа жерге ауыстырылуы да мүмкін. Қалай болғанда да мұның бәрі келісіммен жүзеге асады, – деп түсіндірді қалалық жер қатынастары бөлімі.

Ал бұрынғы «Арзан» дүкенінің маңындағы жер телімдері құрылыс жүргізілетін аумаққа кірмейді.

– Сондықтан меншік иелері оларды өз мақсатына пайдалана алады, – деді әкімдік өкілдері.

Құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумаққа іргелес Жібек жолы сынды көшелер кеңейтілетінін айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив