KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

"Неге қайта-қайта шағым түседі" қала әкімі автобустарға жауапты маманға тапсырма берді

5.02.2021, 12:00 365

Өскеменде автобустардың үш түрі бар: бір жарым сағат, бір сағат және жарты-ақ сағат кешігетін автобустар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Жақсылық Омар төрт күннен бері тұрғындарға есеп беріп жатыр. Онлайн кездесуде сұрақ-жауап кезеңі де бар. Бірінші күні согралықтар №67 автобусты бір жарым сағат күтуге мәжбүр екендіктерін айтқан болатын. Келесі күні Шығыс ауылының тұрғындары №256 автобусты бір сағат бойы тосамыз деп шағымданды. Әкім екі жағдайда да әріптестеріне көлік компанияларының өкілдерімен кездесіп, мәселені реттеуге тапсырма берді.

Ал бүгінгі есептік кездесуде тұрғындар №38 автобус араға жарты сағат салып жүреді деп бірінен соң бірі шағымданды. Қала әкімі Жақсылық Омар жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Әби Әлменбетовке:

– Неге қайта-қайта шағым түседі. Жағдайды реттеу керек, – деп тапсырды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу