«E-Salyq Business» мобильді қосымшасын қолдана білесіз бе?
Фото: gov.kz
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін әзірленген.
Қолданбаның функционалдығы мына мүмкіндіктерді береді:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
- салық режимін таңдау және өзгерту;
- чектер беру;
- кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;
- қосымшада есептелген салық міндеттемелерін, оның ішінде қызметкерлер бойынша төлеуге;
- оңайлатылған декларацияны ұсыну;
- берешектерді қарау және өтеу;
- мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларын алу;
- ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату;
- төлемдерді басқару-бұл есептеулер мен қайтарулар;
- анықтамалар алу: ЖК ретінде тіркелу, ЖК кірісі, қызметкерлердің кірісі туралы.
Қолданбаны «Play Market», «App Store» және «App Gallery» дүкендерінде қол жетімді.
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы-жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдететін жаңа ыңғайлы цифрлық шешім!
Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимі мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметті жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;
3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
-сылақ жұмыстарын;
-ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
-еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
- бояу және шынылау жұмыстарын;
- такси қызметін;
- автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
- сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
- фотография саласындағы қызметті;
- аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
- мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
- басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
- мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
- басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
- қосалқы білім беру қызметтерін;
- өнер саласындағы қызметті;
- компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
- коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
- жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
- шаштараз қызметтерін;
- маникюрді және педикюрді;
- ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
- жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
- тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
- базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
- музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
- үй жануарларын бағуды жүзеге асыру қызметтерін;
- пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызметтін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.
Жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.
Әлеуметтік төлемдерді есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі:
- МЗЖ – 10% (әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін ЖК дербес айқындайтын кірістен);
- ЖМЗЖ – 1,5% (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан);
- Әлеуметтік аударымдар-әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3,5%;
- МӘМС жарналары 1,4 ЕТЖ-дан 5% (2024 жылы 5 950 теңге)
ЖК әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін табысты дербес айқындайды:
- МЗЖ үшін-айына 1-ден 50 ЕТЖ дейін;
- әлеуметтік аударымдар үшін – 1-ден 7 ЕТЖ.
2024 жылға ЕТЖ сомасы 85 000 теңгені құрайды.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасын есептеуді арнайы мобильді қосымша ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.