KZ
Өскемен
-15°
плотный туман жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Бірыңғай жиынтық төлем болмайды: шағын кәсіпкерлер енді қанша төлейді?

фото: freepik.com

8.01.2024, 12:05 168

Жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік төлемдердің ең төменгі ай сайынғы сомасы 17 425 теңгені құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем қолданылмайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, егер азамат бизнеспен айналыспаса, онда ол айына 4250 теңге сомасындағы міндетті медициналық сақтандыруды өзі төлей алады. Бұл төлемнен декреттегі әйелдер мен көп балалы аналар босатылады.

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық салудың ыңғайлы режимін таңдауы керек. Мәселен, патент (салық ставкасы 1%), жеңілдетілген декларация (3%) немесе бөлшек салық режимі (4%).

"Салық режимін Е-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді. Жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің ең төменгі сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарнасы – 8500 теңге, әлеуметтік аударым – 2975 теңге, МӘМС жарнасы – 5950 теңге)",
– деді комитеттің баспасөз қызметі.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу