KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-ның өңірлік кадр резервіне іріктеу қорытындылары туралы

20.09.2024, 10:26 90 Айжанат Бақытқызы

Биылғы 1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларына сәйкес, өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді.

Өңірдегі кадрлық қажеттілікке сәйкес, біздің өңірде іріктеу 5 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары.

1 наурыздан бастап 1 ай көлімінде арнайы жасақталған платформа арқылы іріктеуге қатысуға құжаттар қабылданды. Іріктеуге еліміздің жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтары қатысты. Кадрлық резервке іріктеуге біздің облысымыздан 386 үміткер қатысуға ниет білдіріп, құжаттары талаптарға сәйкес келетін 295 азамат іріктеу кезеңдеріне жіберілді.
Жоспар кестеге сәйкес, іріктеудің бірінші кезеңі – заңнаманы білуге арналған тестілеуге 214 үміткер қатысып, одан жоғары балл алған 109 үміткер жеке қасиеттерді бағалауға жіберілді.

Жеке қасиеттерді бағалау кезеңі нәтижесінде 42 үміткер іріктеудің келесі сатысы – құзіреттерді бағалауға өтті. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен жүргізілген құзіреттерді бағалау кезеңіне 38 үміткер қатысып, оның 30-ы құрылымдық сұхбат кезеңіне жіберілді.

2 үміткер құрылымдық сұхбатқа қатысудан бас тартты. 28 үміткер өңірлік комиссия алдында өздерінің таңдап алған салалық бағыттары бойынша жобаларын қорғады.

Кадр комиссиясының шешімімен Шығыс Қазақстан обысының өңірлік кадр резервіне 20 үміткер іріктеліп алынды. Сонымен қоса, Қағида талаптары бойынша Президенттік жастар кадр резервінің соңғы кезеңіне дейін жетіп, бірақ ПЖКР тіркелмеген азаматтарға өз өтініштері негізінде өңірлік резервке іріктеусіз тіркелу құқығы берілген. Осы нормаға сәйкес,біздің өңірлік кадр резервіне қосымша тағы 1 үміткер тіркелді. 

Резервте тұру мерзімі – 2 жыл. Осы уақыт аралығында резервшілер жергілікті атқарушы органдардағы әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарға (сайланбалы лауазымдардан басқа) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша конкурстан тыс тағайындала алады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген болатын.
Тұжырымдамада мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың басты қағидаттарының бірі болып проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру деп айқындалған.

Бүгінде аталған бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған «Қадамдық жоспар» бекітілген болатын.
 «Қадамдық жоспар» сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің (қызмет берушілердің) біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре-сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған.

«Қадамдық жоспарды» іске асыру барысында келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда:

1. «Құқық жаршысы»: мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары мен мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
2. «Сапалы қызмет»: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
3. «Қолайлы орта»: мемлекеттік қызмет көрсету орындарында, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау;
4. «Оңай қызмет»: мемлекеттік қызмет көрсету процестерін, оның ішінде оңтайландыру және автоматтандыру, эксаумақтық, проактивтік, композиттік қағидаттарын қолдану арқылы жетілдіру;

5. «Мінсіз үкімет»: мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен жауапкершілігін арттыру.

Аталған іс-шаралар «Қызмет алушылар күні», «Құқықты қорғау», «Қызмет беруші мектебі», «Ең алдымен адамдар», «Қолжетімді мемлекеттік қызмет», «Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру», «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» «Бюрократиясыз мемлекеттік аппарат» жобалары арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінде аталған жобалар аясында өткізілетін іс-шараларға көрсетілетін қызметті берішілер мен мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан оң баға берілуде.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жөнінде

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі бағыттары – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша талдау, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг және жоспардан тыс, жоспарлы тексерулер жүргізу.

Ағымдағы жылдың аталған кезеңінде бұл бағыттар бойынша 250-ге тарта азаматтың құқықтары қалпына келтірілгенін айту керек.
Мысалы, Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу жоспарына сәйкес, облыстық басқармада 15 мемлекеттік қызметшінің заңсыз, тиісті құқықтық актілердің шығуынсыз жұмыстан тыс уақытта қалып жұмыс істеу фактілері анықталған. Департамент хаты негізінде аталған мемлекеттік қызметшілерге тиісті құқықтық акті шығарумен, демалыс күндері (сағаттары) беріле отырып құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарының тәртіптік тәжірибесіне талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметшінің заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тарту фактісі анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы құқықтық актінің күші жойылу арқылы мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.

                                                                                                                                                Қайрат Сапарғалиев,
                                                                                                                      Департамент басшысының орынбасары,
                                                                                                        Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу