KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Мемлекеттік қызметші айыппұл төледі – Өскемен

depositphotos.com

Кеше, 15:10 50 Ержан Әбіш

Өскемен ТКШ секторының меңгерушісі монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ақпаратты уақтылы ұсынбағаны үшін "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ сектор меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Аталған факті бойынша ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Лауазымды тұлғаның кінәсін мойындауын ескере отырып және ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 184 600 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта айыппұл толығымен төленді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив