KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Глубокое ауданында 12 жоба “Ауыл Аманаты” бағдарламасы аясында несиелендірілді

24.11.2023, 21:56 201 Анель Слямғазықызы

Биыл «Ауыл Аманаты» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын.

Глубокое ауданында 139,9 млн теңгеге 12 жоба несиелендірілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында  ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.

- Осы жоба аясында 3 жоба туристік салаға, 7 – мал шаруашылығын дамытуға, 1 - жануарларға жем-шөп базасын дайындауға, 1 – сүт қабылдау және сақтауға бағытталған. Жобалардан күтілетін нәтиже кемінде 20 жаңа жұмыс орнын құру, аудан ауылдарына туристерді тарту, мал шаруашылығын күтіп-бағу үшін дайындық базасын ұлғайту, жеке тұрғын үй шаруашылығынан сүтті сатып алу және сақтау көлемінің өсуі болып табылады,- деді Эльдар Тұмашинов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу