KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Өскеменде ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі өтті (видео)

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
30.04.2025, 14:07 396 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласында өткен «Шығыс Агрофорум» аясында ауыл шаруашылығы техникасына арналған кең көлемді көрме ұйымдастырылды. Форумға агросаланың алдыңғы қатарлы компаниялары қатысып, өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, «Агротех», «Менеджмент», «АгромашХолдинг» АҚ, «Вераж», «Жандир», «БШК Агро», «Гиджи Агро» сынды ірі кәсіпорындар соңғы үлгідегі техникаларын көпшілік назарына ұсынды. Жалпы саны 24 бірлік техника көрмеге қойылды. Олардың қатарында «ЮТО», «Ловол», «Есіл», «МТЗ» тракторлары мен «Claas», «New Holland» сияқты әлемге танымал комбайндар бар.

Көрменің ерекшелігі – ұсынылған техникалардың көпшілігі елімізде құрастырылған. Әсіресе, «ЮТО», «Ловол» және МТЗ негізіндегі тракторлар толықтай Қазақстанда шығарылған. Бұл техникаларға мемлекет тарапынан 30%-ға дейін субсидия қарастырылып отыр.

Көрме барысында «Гиджи Агро» компаниясы өсімдіктерді химиялық өңдеуге арналған агродрондарын да таныстырды. Заманауи технологияларды қолдану – ауыл шаруашылығын цифрландыру жолындағы нақты қадамдардың бірі.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында шығысқазақстандық шаруалар 85 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 350-ге дейін жетеді деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу