KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да сот шетелдікті 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды

Фото: dzen.ru

26.01.2024, 16:49 85

Шемонаиха аудандық сотында есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған шетелдік азаматтың ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Сот Шемонаиха қаласында шетелдік азамат М. көлік құралын есірткіге мас күйінде басқарғанын және оны Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тоқтатқанын анықтады», - деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ер адам өзінің кінәсін мойындамады және есірткіні қолданбағанын, бірақ ауыратынын, осыған байланысты дәрі-дәрмектер қабылдайтынын түсіндірді. 

Дегенмен, сотта ол ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 608-бабы (көлік құралын есірткіге мас күйінде басқару) бойынша кінәлі деп танылды.

Енді заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

                                                                  Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу