KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

«Торпедо» жартылай финалдан тыс қалды

Фото: "Торпедо" ХК сайты

28.02.2024, 15:47 63 Нұржан Кенжеұлы

Ақтөбеде жергілікті аттас командадан 5:1 есебімен ойсырай ұтылған «Торпедо» осылайша биылғы ел біріншілігін ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске салайық, осыған дейін өскемендік және ақтөбелік командалар арасында 2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy плей-офф кезеңінің ширек финалы аясындағы үш кездесу өтіп үлгерген. Және оның үшеуінде де «Ақтөбенің» мерейі үстем болған (алдыңғы ойындардың есебі 2:1, 4:3, 6:2). Келесі кезеңге, яғни жарыстың жартылай финалына өту үшін «Торпедо» қарсыластарына енді бір жеңіске жету жеткілікті еді. Ақтөбеліктер бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.
Қарсыластар арасында өткен төртінші ойында батыстық команда өз айдынында сенімді жеңіске жетіп, ширекфиналдық серияның нүктесін қойды. 4:0.
Айдын иелерінің пайдасына 5:1 есебімен аяқталған соңғы кездесуде «Торпедо» сапынан шабуылшы Александр Архипов қана көзге түсті. Осылайша, плей-офф кезеңі алдындағы тұрақты чемпионатты өте сенімді аяқтаған жерлестеріміз биылғы жарысты тым ерте тоқтатты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив