ШҚО-да биыл егіс алқабының көлемі ұлғайды
Шығыс өңірінде биыл 645,1 мың гектар егістік алқапқа дән егіледі. Бұл былтырғыдан 6,7 мың гектарға артық. Қазір облыс диқандары көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық үстінде.
Облысы әкімдігінің мәжілісінде ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ажар Қажыбекова егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы баян етті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ ол өңірдегі машина-трактор паркін жаңарту жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, 25,5 млрд теңгеге 493 трактор мен комбайн сатып алу көзделген. Қалпына келмейтін ескі, пайдалануға жарамсыз техниканың басым бөлігі Өскемен қаласында және Глубокое, Шемонаиха және Ұлан аудандарында.
Жанармаймен қамтамасыз етуге келетін болсақ, биыл өңірдің шаруа қожалықтары 7,1 мың тонна дизель отынына өтінім берді. Бұл көлем олардың арасында ағымдағы жылдың наурызынан мамырына дейін бөлінеді.