KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Тарбағатайлық ұстазға мемлекеттік марапат табысталды

7.03.2024, 14:44 184

Әйелдер мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстанның педагогына мемлекеттік марапат табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы М.Әуезов атындағы мектеп-колледж-интернаттың орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Әлия Нұрахметова әйелдер мерекесі қарсаңында оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.
Жас ұрпаққа ұзақ жыл сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұлағатты ұстазға төсбелгіні оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстап, білім саласындағы табыстары үшін алғыс білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив