KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Гуманитарлық көмек: Ең қажетті заттардың тізімі жарияланды

11.04.2024, 15:11 125 Айна Ескенқызы

Су тасқыны болған өңірлерге гуманитарлық көмект үздіксіз жөнелтіліп жатыр. Алайда енді көмекті  бейберекет жинай бермей, арнайы пунктерді ең қажетті заттар толықтыру маңызды болып тұр. Атырау облысына қажетті заттардың тізімі жарияланды. Атыраулықтарға киім-кешек жеткілікті. Енді су тасқынымен күреске қажетті бұйымдар керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тізім:

  • Қайықтар;
  • Генеторлар;
  • Прожекторлар;
  • Қолшамдар;
  • Шамдар ( шахтерлардікі сияқты) ;
  • Резеңке киімдер;
  • Саз-балшыққа киетін қонышы ұзын резеңке етіктер;
  • Құм салатын қаптар;
  • Күректер;
  • Полиэтиленді қапшықтар.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласында екі жерде ресми көмек қабылдау пункттері ашылған. Мекенжайлары: Назарбаев к, 68 және М.Горький көшесі, 48.  Жуықта Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде де көмек қабылдау орны ашылғанын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив