KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Ұлан ауданында көмек қабылдау пункті ашылды

фото: depositphotos.com

11.04.2024, 09:00 96 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қабылдау пункттері аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Мекенжайы: Қасым Қайсенов кенті, Зәки Ахметов көшесі, 26/1. Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.

– Табиғи апат біздің қоғамға айтарлықтай зиян келтірді және көптеген отбасылар баспанасыз, азықсыз және басқа да негізгі қажеттіліктерсіз қалды. Біз барлық ниет білдірушілерді осы қиын жағдайда көмек көрсетуге шақырамыз.  Ақшалай көмек, азық-түлік, киім-кешек немесе басқа да қажетті заттар түріндегі кез-келген қайырымдылық су тасқынының әсерінен бәрін жоғалтқан адамдар үшін өте қажет. Ұлттық еріктілер желісінің мәліметі бойынша, жылы киімдер, кез-келген өлшемдегі аяқ киімдер, гигиеналық құралдар мен ұзақ мерзімде сақталатын азық-түліктер қажет, – деді Ұлан ауданының Ардагерлер ұйымының төрағасы Аймұхамет Бакимбаев.

Ұйымдастырушылар қажетті заттардың тізімін де жариялады:

азық-түлік (ұзақ мерзімде сақталатын);

ауыз су;

гигиеналық заттар ( тіс пастасы, тіс щеткасы, шампунь, сабын, т.б);

Киімдер ( кез келген размерде, таза, ұқыпты киімдер);

Дәрілік заттар мен медициналық қажетті заттар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив