KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

Шетелден келген көліктің тең жартысы Қытайдан

16.04.2024, 22:10 116 Айжанат Бақытқызы

Қаңтар-ақпан айларында Қытаqдан 10,1 мың көлік әкелінді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен екі есе дерлік немесе 4,8 мыңға көп, деп хабарлайды Altainews.kz cайты Naryk.kz-ке сілтеме жасап.

2 айда әкелінген көліктердің жалпы саны 20 мың болды. Яғни, елге шетелден жеткізілген әрбір екінші көлік Қытайдан шыққан. 2023 жылдың соңында әрбір үшінші көлік қытайлық болған.

Қытайдан басқа тағы үш ірі экспорттаушының сатқанын қосса да Қытайды қуып жете алмады. Олардың үлесі 42%:

АҚШ – 19% (3,7 мың);
Жапония – 15% (3 мың);
Корея – 8% (1,6 мың).

Бір қызығы, ақшалай есептегенде Қытай көлігі импорты онша өспеген. Қаңтар-ақпандағы деңгей $129,5 млн (+43% немесе $39 млн). Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетеді.

Айтпақшы, Қытайдың импорт құнындағы үлесі айтарлықтай байқалмайды – 38%.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив