Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде психологтар жұмыс істеп жатыр
Фото: psyh.ru
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 500-ге жуық психолог жұмыс істеп жатыр. Олардың 30-ы ғана – төтенше жағдайлар саласының мамандары, деп хабарлайды Altainews.kz cайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге тартылған психологтар туралы мәлімет берілген.
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің азаматтарына Төтенше жағдай министрлігі саласынан 30 психолог, 55 медициналық психолог, 400-ге жуық мектеп психологы уақытша орналыстыру пункттерінде психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Жалпы, елімізде 20 739 психолог жұмыс істейтін болса, оның ішінде тек 98-і ғана төтенше жағдайлар саласында қызмет етеді.
Психологтардың басым бөлігі (12 587 адам) білім саласына маманданған. Сондай-ақ, медицинада – 1550, ішкі істер жүйесінде – 334, қылмыстық-атқару жүйесінде – 155 психолог қызмет етеді.