ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімі азайды: Ең көп Қазақстанда құлдырады
Фото: Naryk.kz
Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2023 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ауыл шаруашылығы өнімінің төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.
2023 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде барлық санаттағы шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы өнімі 2022 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.
Одақтың жекелеген елдеріне келетін болсақ, Беларусьте (+1,1%) және Қырғызстанда (+0,6%) өсім байқалса, Қазақстанда (-7,7%) және Ресейде (-0,3%) төмендегені хабарланды.
«2023 жылы ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі өсті: союға арналған мал мен құс 2022 жылмен салыстырғанда 2,2%, сүт – 3%, жұмыртқа – 0,8% ұлғайды.
Армениядан басқа ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде союға арналған мал мен құс және сүт өндірісі артқан. Қырғызстан мен Ресейде жұмыртқа өндірісінің артқаны, Армения, Қазақстан және Беларусь елдерінде төмендегені байқалды.
Айжанат Бақытқызы