KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1,9 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Өскемендік дәрігерлер ардагердің үйіне барды

8.05.2024, 13:06 77 Айна Ескенқызы

Өскемен қалалық №1 емханасының ұжымы  Жеңіс мерекесі қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін үйлеріне барып құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырған. Емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова бастаған делегация осы медициналық ұйымға бекітілген жалғыз көзі тірі  соғыс ардагері Иосиф Зуевті осы тамаша мерекемен құттықтап, қарияға денсаулық пен амандық, бейбітшілік тіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Әкем әскерге 1942 жылы шақырылды.  Ол Ворошиловградтан Прагаға дейін жетті. Барлау және артиллерияда қызмет етті. 140-шы жеке дивизия құрамында Украина және Беларусь майдандарында соғысқан. Екі рет жарақат алды. Ол 1945 жылдан кейін Украинада қызметін жалғастырды, онда ол шекараны қорғады, ғимараттарды күзетіп, ормандағы жау партизандарымен күресті. Үйге 1947 жылдың қарашасына оралды, - деді ардагердің қызы Степанида Иосифовна.

Иосиф Зуевтің марапаттары арасында адамдарды қоршаудан алып шыққаны үшін, жау танкінің көзін жойғаны үшін берілген медальдар бар. Сондай-ақ «Қызыл Жұлдыз» және «Даңқ» ордендерінің иегері. Айта кетейік, 9-мамырда Иосиф Архипович өзінің туған күнін – 101 жылдығын атап өтеді.

-Ардагерлерді құттықтау- бұл  Жеңіске қосқан үлесі үшін, соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы еңбегі үшін біз оларға көрсетуге тиіс құрметтің аз ғана бөлшегі ғана. Біз олардың ерліктерін мәңгі бағалаймыз, есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз! - деп атап өтті №1 емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова.

- Біздің майдангер-ардагердің денсаулығы №1 емхана дәрігерлерінің ерекше бақылауында. Ардагерге тұрақты түрде барып, дәрігерлік көмекпен толық қамтамасыз етеміз , - деп толықтырды дәрігер-терапевт Игорь Баринов.

Қазір Өскемен қалалық №1 емханада  179 тыл еңбеккері  есепте тұр.

Мереке қарсаңында Айман Мырамытова медициналық ұйымға бекітілген тыл еңбеккерлерін де құттықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив