KZ
Өскемен
+16°
туман Штиль
474.83 515.38 5.5

“Altai-Fest” маусымы ашылды

18.05.2024, 18:04 346 Ынтымақ Толқын

Шығыс өңірінде туристік маусым “Altai-Fest” фестивалімен басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Фестивальдің ашылу рәсіміне 500-ден астам адам қатысып, төрт бағытқа саяхаттады. 
Қонақтардың бір тобы атқа қонып турға аттанды. Екінші топ тарихи орындарға экскурсия жасаса, үшінші бір топ жол талғамайтын көліктермен сапарға шықты. Ал фестивальге жиналғандардың басым көпшілігі Қызылтасты бағындыруға бел буды. 

- Фестивальге өте көп адам жиналды. Қызылтасқа шыққандардың өзі 400-ге жуықтайды. Өткен жылы тауға 200-дей саяхатшы шыққан. Биыл екі есе. Тіпті өзге облыстардан келген туристер де бар. Тур үшін алыстан ат терлетіп келіп жатқандардың бар екені қуантады. Бұл ең бірінші ауыл туризмін дамыту үшін маңызды, - дейді фестивальді ұйымдастырушы Мұхтар Тойбазаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив