Облыстық ветеринария басқармасына басшы тағайындалды
Облыстық ветеринария басқармасы жұмысын бастайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы басқармасынан ірге бөліп шыққан жаңа ведомствоға Рамиль Сағындықов басшы болып тағайындалды. Ажар Қаджыбекова ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызметін жалғастырады.
Бұл ұтымды шешім болғанын атап өткен өңір басшысы Ермек Көшербаев алдағы уақытта басқармалардан нақты нәтиже күтетінін айтты.
– Ветеринария саласы бойынша сұрақтар әлі де бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Шындап келгенде, ветеринария дегеніміз ұлт саулығымен тығыз байланысты сала, – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз